Құзыреті: серіктестік өз біліктілігімен орындай алатын және клиентке тиімді қызмет көрсете алатын жұмысты орындау үшін алынады.
Көрсетілетін қызметтер туралы келісім және ақы төлеу: Серіктестік жұмыс басталғанға дейін клиентпен көрсетілетін қызметтердің ауқымы мен сипатына және ақы төлеу негіздеріне қатысты ресми (жазбаша түрде) уағдаласуы тиіс.
Келісім - шарт: серіктестік келісім-шартты клиенттің алдын-ала келісімімен ғана жасай алады.
Мүдделер қақтығысы: сол кезеңнің есебін верификациялау бойынша қызмет көрсетілетін компанияларға парниктік газдарды түгендеу мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсетуге тыйым салынады.
Құпиялылық: Серіктестік жұмысты орындау кезінде өзіне белгілі болған ұйымның құпияларын жария етпей, қатаң құпиялылық шартымен клиенттің ақпаратын пайдалануға тиіс.
Байланыс: Серіктестік клиентке жұмыс барысы туралы үнемі хабарлап отыруы керек, сонымен қатар қызметкерлер мен қосалқы мердігерлер арасындағы тиімді ішкі байланысты қамтамасыз етуі керек.
Сыйластық: Серіктестік қызметкерлері барлық қатысушы тараптарға құрметпен әрекет етуі керек.